Accessibility links

"Алтынкөл" кеден бекетінің 17 қызметкері сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысындағы "Алтынкөл" кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 адам сотталды. Үкімді 31 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шығарған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Сот үкімі екі аптадан кейін күшіне енеді. Осы аралықта айыпталушылардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

ҰҚК 2018 жылы ақпанда арнайы операция жүргізіп, Алматы облысындағы "Алтынкөл" кеден бекетінде сыйбайлас жемқорлық істі әшкерелегенін хабарлаған еді. ҰҚК кеден бекетінен 116 мың доллар және 4,3 миллион теңге заңсыз ақша тапқанын мәлімдеген.

Күдіктілер тағылған айыптарды мойындамаған.

2014 жылы Қазақстанның "Қорғас" кеден бекетіндегі жемқорлық ісі бойынша 45 адам сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG