Accessibility links

Ресейлік депутаттан алтын мен қару "тәркіленген"


Рауф Арашуков федерация кеңесінде. 2016 жыл 12 қазан.
Рауф Арашуков федерация кеңесінде. 2016 жыл 12 қазан.

Ресей федерация кеңесіне Қарашай-Черкесия республикасынан сайланған депутат, 30 қаңтарда Мәскеуде ұсталған Рауф Арашуковтың Біріккен Араб Әмірлігінде тұрақты тұруға рұқсаты бар. Бұл туралы Ресей тергеу комитетіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.

Ресей заңы бойынша, өзге елдің азаматтығын алған немесе басқа мемлекетте тұрақты тұруға рұқсаты бар адам федерация кеңесінде депутат болуға құқығы жоқ.

"360" телеарнасының хабарлауынша, депутаттан алтын құймалар, қару-жарақ коллекциясы тәркіленіп, алтын жалатылған қылыш, медальдар, наградалар, несие карталары мен көлемді сомада доллар табылған.

Қарашай-Черкесия республикасынан сайланған депутат 30 қаңтарда Мәскеуде, федерация кеңесінің жиыны кезінде ұсталған. Ресей тергеу комитеті Рауф Арашуков екі кісінің өліміне қатысы бар деген күдікке ілінгенін айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, Арашуков черкестердің "Адыге-Хасэ" қозғалысының жетекшісі Аслан Жуковтың және Қарашай-Черкесия республикасының президенттігіне кандидат Фраль Шебзуховтың өліміне қүдікті деп танылған. Тергеу комитеті саясаткердің басқа да қылмыстарға қатысы бар деп күдіктенеді.

Рауф Арашуков федерация кеңесіне 2016 жылы депутат болып сайланған. Бұған дейін ол "Газпром" компаниясында қызмет еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG