Accessibility links

БАҚ: Ресейде ең кәрі әйел дүниеден өтті


Кока Истамбулова.
Кока Истамбулова.

Ресей құрамындағы Шешенстанда ең кәрі әйел 128 немесе 129 жасында дүниеден өткен деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Немересі Ильяс Абубакаровтың айтуынша, 1889 жылы туған Кока Истамбулова "негізінен өзін жақсы сезінген, тек аздаған қан қысымы болған". "Кенет ол тынысы тарылғанын айтты" дейді немересі.

"Дәрігер шақырдық, ол дәрі екті, бірақ жағдайы оңалмады" деген 31 қаңтарда Абубакаров. Ол Кока Истамбулова 27 қаңтарда өзі туып өскен Братск ауылында жерленгенін айтқан.

Кока Истамбулованың паспортында туған жылы жазылғанымен, айы мен күні көрсетілмеген. Кавказ аймағында ұзақ жасаған тұрғындар жиі кездеседі.

ТАСС агенттігі осыдан он күн бұрын Ресейдің Кабардин-Балқар республикасында 128 жасқа келген Нану Шаова қайтыс болғаны туралы хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG