Accessibility links

ЕАЭО үкімет басшылары Алматыда форумға жиналды


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев (сол жақта) пен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев (сол жақта) пен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары бүгін Алматыға инновацияға арналған форумға жиналды. Жиынға қатысушылар цифрландыру мәселесін талқыламақ. "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" форумы Алматыда екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Форумнан кейін ЕАЭО елдері премьер-министрлері Еуразия үкіметаралық кеңесі отырысына қатысады деп жоспарланған.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев осы форум мен Еуразия үкіметаралық кеңесі отырысына қатысуға Алматыға бейсенбінің кешінде келген. Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қарсы алған.

Қазақстан ақпарат және коммуникация министрлігі ұйымдастырып отырған форумда ірі IT-компаниялардың негізін қалаушылар, халықаралық IT технопарктерінің жетекшілері, Батыс және ТМД елдерінің технологиялық өнеркәсібі өкілдері сөз сөйлемекші.

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрамында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG