Accessibility links

Кабо-Верде аралында 11 Ресей теңізшісі кокаинмен ұсталған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Кабо-Верде билігі 11 Ресей теңізшісін ұстаған. Олардың барлығы Панама туы ілінген кемеде болған деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі. Экипаж мүшелерінің бірі кенеттен көз жұмған соң кеме Кабо-Верде астанасы Прая қаласындағы портқа тоқтауға мәжбүр болған.

Портқа келген соң жергілікті полиция кемеден 9,5 тонна кокаин тапқан. Кабо-Верде аралындағы Ресей елшілігінің дерегінше, теңізшілер осы себеппен ұсталған болуы мүмкін.

“Біз тергеу органдарымен, ұсталған азаматтармен тығыз байланыстамыз. Мәселені бақылап отырмыз. Толық ақпарат күтеміз” деді елшілік өкілі агенттікке.

Әзірге ресейліктерге тағылған айыптар туралы дерек жоқ.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG