Accessibility links

Венесуэла генералы Гуайдоны қолдады


Генерал Франсиско Янес. Twitter-ден алынған скриншот
Генерал Франсиско Янес. Twitter-ден алынған скриншот

Венесуэла әуе-әскери күштерінің генералы Франсиско Янес оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны қолдап, әскерилерді президент Николас Мадуроға қарсы шығуға шақырды.

2 ақпанда Twitter-де жариялаған видеоүндеуінде Янес "Венесуэла халқы, әскерилердің 90 пайызы диктаторды қолдамайды, олар Венесуэла халқын қолдайды" деп айтқан.

Ал қорғаныс саласының шенеуніктері Янесті мемлекетке сатқындық жасады деп айыптады.

Янес - Гуайдоны қолдаған Венесуэла армиясындағы алғашқы генерал.

Венесуэла парламентінің спикері 35 жастағы Хуан Гуайдо президент Николас Мадуро жеңіске жеткен сайлауды "заңсыз" деп атап, "конституция бойынша президент болуға құқығым бар" деп санайды. Ол 23 қаңтарда өткен наразылық шарасында өзін-өзі "елдің президентімін" деп жариялаған.

Оқи отырыңыз: Венесуэлада не болып жатыр?

АҚШ пен Латын Америкасы елдерінің көбі Гуайдоны уақытша президент деп таныған. Ал Ресей, Түркия, Куба мен тағы бірнеше ел Мадуроны заңды президент деп таниды.

Өткен аптада Еуропарламент Гуайдоны заңды президент деп танитынын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG