Accessibility links

АҚШ бастаған коалиция Сирия әскеріне соққы берді


Дейр-эз-Зор провинциясындағы АҚШ әскери патрулі. Сирия, 31 қаңтар 2019 жыл.
Дейр-эз-Зор провинциясындағы АҚШ әскери патрулі. Сирия, 31 қаңтар 2019 жыл.

АҚШ жетекшілік ететін коалиция күштері сенбі күні Сирияның шығысындағы үкімет әскеріне артиллериялық қарудан соққы беріп, салдарынан екі сарбаз жараланған және бір зеңбірек жойылған. Бұл туралы Сирия армиясының лауазымды өкілі мәлімдеген.

"Коалиция авиациясы Дейр-эз-Зор провинциясының оңтүстік-шығысындағы әл-Букамал қаласы аумағында Сирия армиясына қарсы агрессиялық шабуыл жасады" деп хабарлады жексенбі күні SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі әскери мекемедегі дереккөзіне сілтеме жасап.

Оқиға болған аудан маңында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы содырлары әрекет етеді.


АҚШ басқаратын коалиция өкілі полковник Шон Райанның журналистерге мәлімдеуінше, АҚШ әріптестерінің күші бұған дейін өздерін атқылағандардан қорғану мақсатында әскери іс-қимылмен жауап берген. Ол бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтқан.

АҚШ жетекшілігіндегі коалиция құрамына "Сирия демократиялық күштері" (SDF) да енеді. Коалиция қазір Сирияда ИМ содырлары бақылауда ұстап отырған бірқатар аудандарда операция жүргізіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG