Иранның ғарышты зерттеу орталығында үш ғалым өрттен опат болған. Иран телекоммуникация министрі Мохаммед Жавад Азари Жахормидің сөзінше, ғалымдар Тегерандағы зерттеу орталығы ғимараттарының бірінде шыққан өрт салдарынан қазаға ұшыраған. Бірақ министр қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін және қаза болған ғалымдардың аты-жөндері мен қызмет лауазымдарын да айтпады.
Хабарларға қарағанда, қызметкерлер зерттеу орталығының басқа бір бөлігінде Ислам революциясының 40 жылдығын атап өтіп жатқан кезде өрт шыққан.
Иранның ғарыш бағдарламасы Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленіске себеп болып отыр.
Иран президенті Хасан Роухани жақын болашақта отандық өндіріс өнімі – зымыран тасығыштар екі спутникті ғарышқа шығаратыны туралы мәлімдеген. АҚШ Иран ғарыш бағдарламасын баллистикалық зымыран әзірлеуге пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.
ПІКІРЛЕР