Accessibility links

Левада-центр: Ресейден кеткісі келетіндер арасында 18-24 жастағылар көп


Көрнекі сурет.

Ресейден көшкісі келетін азаматтардың 41 пайызын 18-24 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл туралы "Левада-центр" зерттеу орталығы жүргізген сауалнама қорытындысында айтылған.

Оған қатысқан азаматтардың 17 пайызы ғана Ресейден біржола көшіп кетуге әзір екенін білдірген. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш өзгермей келе жатыр. Ал тұрғылықты жерін өзгерткісі келмейтіндердің үлесі - 61 пайыз. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға көп.

"Ресейде әрбір бесінші тұрғынның соңғы екі-үш жылда шетелге қоныс аударып, сол жақта тұрып жатқан туыстары немесе таныстары бар. Жастардың 96 пайызы Ресейден кеткен адамдарға "бейтарап" я "дұрыс" көзқараспен қарайтынын айтса, жасы 55-тен асқандардың көбі оларды жақтырмайтындарын білдірген" дейді "Левада центр".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG