Accessibility links

"Екі мыңдай отбасы" оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған


Солтүстікке көшіп барған отбасы. Көрнекі сурет.
Солтүстікке көшіп барған отбасы. Көрнекі сурет.

2018 жылы аймақтық квота бойынша 1858 отбасы (6766 адам) оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің дерегінше, қоныс аударғандардың 31 пайызы - Павлодар облысына, 27 пайызы - Шығыс Қазақстан облысына, 22 пайызы - Солтүстік Қазақстан облысына, 16 пайызы Қостанай облысына барған.

Солтүстікке көшкендердің 36 пайызы - Түркістан облысынан, 28 пайызы - Алматы облысынан, 15 пайызы - Жамбыл өңірінен, 13,5 пайызы - Қызылорда облысынан, 2,7 пайызы Маңғыстау облысынан келген.

Министрлік мәлімдеуінше, солтүстікке көшкен отбасының әрбір мүшесіне 88 мың теңге субсидия беріледі. Баспана жалдау және коммуналдық қызмет түрлерінің шығынын өтеуге 12 ай бойы 39 мыңнан 76 мың теңгеге дейін қаржылай көмек қарастырылған.

Министрлік солтүстікке көшіп келгендердің қанша пайызы келген жақтарына қайтып кеткені туралы мәлімет бермеген.

Оқи отырыңыз: Оңтүстіктен солтүстікке көшкендердің кейбірі қиналып жүр

Қазақстанның солтүстікке қарай орналасқан бірнеше облыс әкімдіктері 2013 жылы қабылданған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы негізінде азаматтарды көшіру жоспарын жасаған.

Азаттық оңтүстіктен солтүстік өңірге көшіп барған кейбір тұрғынның уәделі көмекті ала алмай, күнкөрістері қиындағанын, тіпті қайта көшіп кеткендерін бұған дейін жазған еді. Жергілікті билік бұл жағдайды тұрғындардың өздерінен көрген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG