Accessibility links

Түркімен әуе компаниясына Еуроодаққа ұшуға тыйым салынды


Түркіменстан мемлекеттік әуе компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Еуропаның әуе қауіпсіздігі агенттігі "Туркменховаёллары" ("Түркімен әуе жолдары") мемлекеттік әуе компаниясы ұшақтарының Еуропа одағы елдеріне және Еуроодақ әуе кеңістігі арқылы транзиттік бағыттар бойынша ұшуына уақытша тыйым салды. Тыйым «компания халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келетінін дәлелдегенше» күшінде болады. Бұл туралы 4 ақпанда Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Агенттік хабарламасында түркімен әуе компаниясының Еуропаға ұшуын тоқтатқаны айтылған. Түркіменстан ұшақтары Пекин, Дели және басқа қалалардан Ашғабат арқылы Бирмингем мен Хитроуға жолаушы тасымалдайтын.

Британдық Independent басылымының жазуынша, тыйым Үндістаннан түркімен әуе компаниясы ұшақтарына билет алып қойған бес мыңға жуық адамға жайсыз тиюі мүмкін. Бұған қоса Ашғабаттан Франкфурт және Парижге әуе рейстері де тоқтатылған.

Еуропаның әуе қауіпсіздігі агенттігі мен Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі бұл шарадан зардап шеккендерге мәселені "Туркменховаёллары" компаниясы өкілдіктеріне хабарласып шешуге кеңес берген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG