Accessibility links

Парижде тұрғын үйдегі өрттен жеті адам қаза болды


Өрт шыққан көп қабатты үйдегі адамдарды құтқарып жатқан өрт сөндірушілер. Париж, 5 ақпан 2019 жыл.
Өрт шыққан көп қабатты үйдегі адамдарды құтқарып жатқан өрт сөндірушілер. Париж, 5 ақпан 2019 жыл.

Франция астанасында бүгін сегіз қабатты тұрғын үйдегі өрттен кемінде жеті адам мерт болған. Париждің өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Клемент Когнон жарылыс салдарынан 28 адам зардап шеккенін хабарлады.

Оның айтуынша, қаланың батыс жағындағы көп қабатты ғимараттың бір бөлігі өртенген. Ол жерде іздеу-құтқару шаралары жалғасып жатыр.

Өрттен қашқан бір топ адам ғимараттың шатырын паналаған. Ал терезеден шығуды ұйғарған кейбірін өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге алып түскен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG