Accessibility links

Шымкентте бұрынғы түрме басшысының соты басталды


Көрнекі сурет.

5 ақпанда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ИЧ 167/3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы Айтжан Бәкіровтің ісі бойынша сот процесі басталды. Оған ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған деп айыптар тағылған.

Ашық өтіп жатқан сот отырысында Бәкіров өзін фото және видеоға түсіруге қарсы екенін айтты.

Сот процесін жүргізіп отырған судья Әбинұр Қарабаев оған қатысушыларға құқықтарын түсіндірген соң прокурор Әли Бағлан айыптау қорытындысын оқыды.

38 жастағы Айтжан Бәкіровке 2012-2014 жылдар аралығында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан (қазір – Түркістан) облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Шымкенттегі ИЧ – 167/3 түзеу мекемесінің басшысы қызметін атқарған кезде түрме қызметкерлерінің оқу-жаттығуға арналған "оқ-дәрілерді жымқыруына жол берген", "қызмет бабын пайдаланып, сотталғандар арасында заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған және заңсыз табыс тапқан", "қылмыскерлерге көмектескен" деген айыптар тағылған.

Сот шешімі бойынша үйқамаққа алынған Айтжан Бәкіров өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG