Accessibility links

Бірнеше облыста аязға байланысты сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

6 ақпанда Астана қаласы мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтады.

Сәрсенбіде Астанадағы мектептер мен колледждерде сабақ болмайды. Солтүстік Қазақстан облысында -33 градус аяз тұр. Мектептерде кешеден бері оқу тоқтаған.

Павлодарда ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді. Алғашқы ауысымда оқитын 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылған. Ауа райын болжау қызметі -32 градусқа дейін аяз болады деп ескерткен Қостанайда алғашқы ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен колледжде бірінші курста білім алатын студенттер бүгін сабаққа бармайды.

Қарағанды мен Саранда 0-4 сыныптарда, Теміртау және Балқашта 0-9 сыныптарда, Шахтинск қаласында 0-11 сыныптарда сабақ тоқтады.

"Қазгидромет" кәсіпорыны 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады, ауа температурасы -23-28, кей жерлерде -37-42, кейде -45 градусқа дейін суытады деп ескертеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG