Accessibility links

Трамп Ким Чен Ынмен Вьетнамда кездесетінін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның алғашқы кездесуі. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның алғашқы кездесуі. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын биыл ақпанның соңында Вьетнамда тағы жүздеседі. Бұл туралы Трамп сейсенбіде конгресте жолдау жасағанда мәлімдеді.

Екі басшының екінші саммитіне дайындық жүріп жатқаны туралы бірнеше айдан бері айтылып жүр. Осыдан бірнеше апта бұрын Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды шенеуніктерінен тұратын делегация Вашингтонда АҚШ президентімен келіссөз өткізгеннен кейін екі ел басшыларының кездесу ақпанның соңында өтуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Президент Трамп алдағы кездесудің нақты қай қалада өтетіні туралы айтпады. CNN дерегі бойынша, келесі саммит Вьетнам астанасы Ханойда немесе Дананг қаласында өтуі тиіс.

Конгресте жолдау жасаған Трамптың сөзінше, егер 2016 жылы өткен сайлауда өзі президент болып сайланбағанда және Солтүстік Кореяға қатысты жүйелі саясат жүргізбегенде АҚШ қазір ол елмен "көлемді соғыс" жүргізіп жатуы әбден мүмкін еді. Трамптың пікірінше, Ақ үй әкімшілігінің дипломатиялық күш-жігерінің арқасында Солтүстік Корея денуклеаризация жасауға келісіп қана қоймай, ядролық қару және зымыран сынағынан бас тартып, тұтқындағы АҚШ азаматтарын босатқан. Трамп алда әлі "көп жұмыс" барын айтты.

АҚШ-тың Солтүстік Корея бойынша арнайы өкілі Стивен Бигун осы аптада Пхеньянда алдағы саммитке дайындық жайлы келіссөздер өткізбек.

Трамп пен Ким Чен Ын 2018 жылы маусымда Сингапурда алғаш рет кездескенде Корей түбегін ядролық қарудан толық арылтуға дайын екендерін мәлімдеп, тиісті декларацияға қол қойған еді. Бірақ бұл бағытта әлі күнге дейін нақты қадам жасалған жоқ.

Фотогалерея: Трамп пен Кимнің алғашқы кездесуі. (12.06.2018)

Корея түбегін ядролық қарудан арылту келісімі

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қортынды құжатқа қол қою кезінде
1/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қортынды құжатқа қол қою кезінде
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қол алысып отыр. 
2/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қол алысып отыр. 
Дональд Трамп мен Ким Чен Ын қол алысып тұр
3/17 Дональд Трамп мен Ким Чен Ын қол алысып тұр
Дональд Трамп мен Ким Чен Ын кездесу кезінде
4/17 Дональд Трамп мен Ким Чен Ын кездесу кезінде
Дональд Трамп Ким Чен Ынға  ілтипат танытып тұр
5/17 Дональд Трамп Ким Чен Ынға  ілтипат танытып тұр
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын
6/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ын
Ким Чен Ын мен Дональд Трамп қол алысып тұр
7/17 Ким Чен Ын мен Дональд Трамп қол алысып тұр
Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның бір-біріне ілтипат танытып тұрған сәті
8/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның бір-біріне ілтипат танытып тұрған сәті
Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен арада қол қойылған қортынды құжатты көрсетіп отыр
9/17 Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен арада қол қойылған қортынды құжатты көрсетіп отыр
Дональд Трамп мен Ким Чен Ынның кездесуі
10/17 Дональд Трамп мен Ким Чен Ынның кездесуі
Дональд Трамп мен Ким Чен Ынның қол алысуы
11/17 Дональд Трамп мен Ким Чен Ынның қол алысуы
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесу қортындысы бойынша құжатқа қол қою сәтінде 
12/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесу қортындысы бойынша құжатқа қол қою сәтінде 
Кездесуден соң Дональд Трамп мен Ким Чен Ынның бақта серуендеп жүрген сәті
13/17 Кездесуден соң Дональд Трамп мен Ким Чен Ынның бақта серуендеп жүрген сәті
Ким Чен Ын Дональд Трампқа ілтипат танытып тұр
14/17 Ким Чен Ын Дональд Трампқа ілтипат танытып тұр
Келіссөз өткен Capella Hotel маңын күзетіп тұрған полицейлер
15/17 Келіссөз өткен Capella Hotel маңын күзетіп тұрған полицейлер
Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі жайлы мақаланы оқып отырған адам. Оңтүстік Корея, Сеул
16/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі жайлы мақаланы оқып отырған адам. Оңтүстік Корея, Сеул
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуін телевизордан көріп отырған адамдар. Сеул, Оңтүстік Корея
17/17 Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуін телевизордан көріп отырған адамдар. Сеул, Оңтүстік Корея
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG