Accessibility links

Трамп: АҚШ инновацияда басқалардан озады


АҚШ президенті Дональд Трамп конгресте сөйлеп тұр. Вашингтон, 5 ақпан 2019 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп конгресте сөйлеп тұр. Вашингтон, 5 ақпан 2019 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 5 ақпанда конгресте жасаған жолдауында АҚШ инновация жағынан өзге елдерден озады деп мәлімдеді. Ол бұл туралы Ресеймен жасалған қару-жараққа бақылау келісімінен шығу туралы шешіміне байланысты сөзінде айтты.

Бұған дейін Ақ үй АҚШ 2 ақпаннан бастап орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы 1987 жылы СССР-мен жасалған келісімнен шығу процесін бастайды деп мәлімдеген еді. Мәскеу бұған жауабында Ресейдің де келісімнен шығатынын айтқан.

АҚШ Ресейді 2014 жылы аталған келісімді бұзды деп айыптаған. Ресей ол айыптауды бірнеше рет жоққа шығарған болатын. Әлемдегі жойқын қарудың үлкен қорына ие қос мемлекеттің бұл мәлімдемелері өзара қарулану бәсекесіне ұласып кетпей ме деген алаңдаушылыққа себеп болды.

Трамп жолдауында АҚШ-тың зымыранға қарсы қазіргі заманғы ең озық қорғаныс жүйесін әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

"Біз келісімді бұлжытпай орындаған кезде Ресей оны бірнеше рет бұзды. Бірнеше жыл бойы солай болып келді" деді ол. "Бәлкім Қытай мен өзге елдерді қосып басқа келісім жасау туралы келіссөз өткізетін шығармыз, ал олай болмаса жұмсайтын шығыс пен инновация жағынан біз барлығынан озамыз" деді Трамп.

Қанатты және баллистикалық зымырандарға тыйым салатын келісім қару-жарақты бақылау саласындағы негізгі құжат саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG