Accessibility links

Әзербайжанда жер сілкінісінен 30 адам зардап шекті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Әзербайжанда сейсенбідегі жер сілкінісінен 30 адам зардап шеккен. Бұл туралы бүгін елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"Үш адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Біреуінің қолы сынған, екі адамның аяғына зақым келген. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілді" деп хабарлады министрлік өкілі.

Бұған дейін Әзербайжанның сейсмологиялық қызмет орталығы елдің солтүстігінде 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:41 кезінде тіркелген сілкініс күші эпицентрінде 6 балл, оған жақын аудандарда 5,3 болған деп хабарлаған еді.

Жерасты дүмпуі ел астанасы Баку қаласында да сезілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG