Accessibility links

Сегіз облыста жолдар жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қатты аязға байланысты Қазақстанның сегіз облысында қалааралық жолдар жабылды. Бұл туралы "Қазавтожол" республикалық кәсіпорыны хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында барлық бағыттағы жолдар жабылған. Астана қаласынан шығатын жолдар да жабық тұр.

Шығыс Қазақстан облысында дизель отынымен жүретін көліктердің алыс жолға шығуына тыйым салынған.

Екатеринбург-Алматы жолының Қарағанды мен Балқаш арасындағы бөлігінде, Алматы-Өскемен тас жолының Алматы облысындағы Үшарал ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылған. Үшарал-Достық бағытындағы жолдың Көктұма ауылынан Достық ауылына дейінгі аралығы жабылған.

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысындағы асуларда жол жабық деп хабарлайды "Қазавтожол".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG