Accessibility links

Бішкек: Ресейдің екінші әскери базасын орналастыру жоспарымыз жоқ


Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев.
Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев.

Қырғызстан өз территориясында тағы бір ресейлік әскери база ашу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы 7 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында елдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев айтты.

Оның сөзінше, Мәскеу мен Бішкек екінші әскери база ашу мәселесіне болашақта қайта оралуы мүмкін.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 4 ақпанда Қырғызстанға сапары кезінде егер Бішкек ықылас білдірсе Мәскеу екінші әскери база ашу мәселесін талқылауға дайын екенін айтқан.

Қырғызстанның Шу облысы Кант қаласында Ресейдің әуе базасы бар. 2003 жылы қыркүйекте Ресей мен Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында Кант әуе базасында авиабөлімшелер орналастыру туралы 15 жыл мерзімге келісім-шарт жасаған еді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG