Accessibility links

Украина ЕО мен НАТО құрамына кіруді көздейді


Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы рада сессиясында. Көрнекі сурет.
Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы рада сессиясында. Көрнекі сурет.

Украина Конституциясына "мемлекеттің стратегиялық бағдары - Еуропа одағы мен НАТО құрамына кіру" деген ереже енгізді.

7 ақпан күні парламенттегі 335 депутаттың 300-і "ел Конституциясына Украинаның Еуропа одағы мен НАТО құрамына толыққанды кіруін стратегиялық бағдар етіп алу үшін өзгеріс енгізу туралы" заң жобасын қолдап дауыс берді.

Депутаттардың кейбірі күздегі парламент сайлауында ресейшіл кандидаттар жеңетін болса елдің сыртқы саясатының өзгеріп кету қаупі бар екенін айтып, заң жобасын "алдын алу шарасы" деп түсіндірген.

Бұған дейін Конституцияға өзгеріс енгізуді көздеген жобаны бір жарым миллион адам қолдап, үндеуге қол қойған. Президент Петр Порошенко да депутаттар дауыс берер алдында сөз сөйлеп, заң жобасын қабылдауға шақырған. Еуропа одағы мен НАТО құрамына кіру бастамасы - наурыз айының аяғында өтетін президент сайлауына кандидат ретінде тіркелген қазіргі президент Порошенконың сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлігі.

"Рейтинг" әлеуметтік тобының қаңтар айында жүргізген сауалнамасына қарағанда, Украина халқының 50 пайызы елдің Еуропа одағына қосылуын қалайды, халықтың 30 пайыз "Батыс пен Ресейден алшақ саясат ұстану керек" десе, дауыс бергендердің 9 пайызы "Кедендік одаққа кіру қажет" деген. Ал сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы НАТО-ға мүше болуды қолдаса, 32 пайызы қарсы болған.

Бұдан бөлек Украина депутаттары "елдегі сайлауға Ресей бақылаушыларының қатысуына тыйым салу туралы заң жобасын" қабылдады.

Жобада "Жоғарғы рада агрессор ел деп таныған мемлекеттің азаматы сайлауға бақылаушы бола алмайды" деп жазылған. Жоғарғы рада бұған дейін Ресейді агрессор мемлекет деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG