Accessibility links

Макрон Мюнхен конференциясына қатыспайды


Франция президенті Эммануэль Макрон (оң жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель.
Франция президенті Эммануэль Макрон (оң жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель.

Франция президенті Эммануэль Макрон 15-17 ақпанда Мюнхенде өтетін қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияға қатыспайды. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме германиялық Suddeutsche Zeitung басылымы хабарлады. Макрон 16 ақпанда Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге сөз сөйлейді деп жоспарланған еді.

Ресми ақпаратта Макрон жұмысбастылығына және Францияның ішкі мәселелерімен айналысу қажеттілігіне байланысты жиынға қатыса алмайды деп хабарланған. Алайда баспасөз құралдары оған Париж бен Берлиннің ресейлік "Солтүстік ағын-2" газ құбыры құрылысына қатысты өзара келіспеушілігі де себеп болуы мүмкін деп санайды.

Бейсенбіде Франция сыртқы істер министрлігі "Солтүстік ағын-2" құбыр жобасына қатысты еуропалық газ директивасын өзгертуді қолдауға Париждің бейіл екенін растаған. Бұл Еуропа одағында әлгіндей жобаларға қойылатын талаптарды ресейлік газ құбырына қолданбауды ұсынған Германияның идеясына Францияның қарсы екенін білдіреді. Құжат қабылданған жағдайда Еуропа одағы аумағындағы құбырларға қойылатын бірыңғай талап бейтарап территориядағы су арқылы өтетін құбырларға, соның ішінде "Солтүстік ағын-2" жобасына да қолданылатын болады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG