Accessibility links

Түркістан облысында бір отбасының төрт адамы газдан уланып қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

8 ақпан күні Түркістан облысы Келес ауданы Бесқұбыр ауылдық округі Қошқар ата ауылында бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының баспасөз хатшысы Саида Турсуметова хабарлады.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Қошқар ата ауылындағы жеке үйлердің бірінен сағат 17:00-де газдан уланып қайтыс болған бір отбасындағы төрт адамның мәйіті табылған.

"Газден уланып 1986 жылы туған ер адам, 1993 жылы туған әйел мен 2015 жылы және 2016 жылы туған екі бала қайтыс болды. Оқиға орнын тексерген мамандар үйдің мұржасы бүтеліп қалғанын анықтады" дейді Саида Турсуметова.

6 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бір отбасының төрт адамы иіс тиіп қайтыс болған.

Ыстан абай болыңыз
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG