Accessibility links

Қазақстан азаматы Доминикан Республикасынан экстрадицияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

9 ақпанда Қазақстан бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Марина Орумбаеваны (Невская) Доминикан Республикасынан экстрадициялады. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы демқорлыққа қарсы қызметі Орумбаеваны 9 миллион теңгені жымқырып, мемлекетке залал келтірді деп айыптап, іздеу жариялаған.

Орумбаева қазір Астанадағы тергеу изоляторында отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG