Accessibility links

Төтенше жағдай мамандарды өртке қарсы тексеру жүргізді


Астанадағы өртенген үй. 4 ақпан 2019 жыл.
Астанадағы өртенген үй. 4 ақпан 2019 жыл.

9 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және әр облыстағы төтенше жағдай департаменттері елдімекендерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін түсіндіріп шыққан. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада төтенше жағдай департаментінің өкілдері "Көктал-1" тұрғын үй секторын аралаған. 4 ақпанда осы "Көктал-1" секторында үй өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан.

Комитеттің хабарлауынша, профилактикалық шараларға волонтерлік ұйымдар және өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін ұйымдар да қатысқан. Штабтар елді проблемалық аумақтарды анықтаған.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген. Елдегі өрт қауіпсіздігіне сын айтыла бастаған. 8 ақпанда Петропавлда да төтенше жағдай департаментінің мамандары кейбір елдімекендерді аралап, өрт қауіпсіздігіне қарсы шара ұйымдастырған.

Билік көп балалы отбасылардың үйлерін тексерді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG