Accessibility links

Шымкент әкімдігі көп балалы аналарды қабылдады


Әкімдіктегі көп балалы аналармен кездесу. Шымкент, 10 ақпан 2019 жыл.

10 ақпан күні Шымкент әкімдігінің қызметкерлері шағым айтып келген көп балалы аналарды қабылдады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Қабылдау таңғы сағат 10.00-да басталып, кешкісін біткен. Шағым айтып келген аналарды қалалық басқармалардың басшылары жеке-жеке қабылдаған.

Аналар жәрдемақы, баспана, жұмыссыздық, күнкөріс қиындығы сынды әлеуметтік мәселелерді көтерген.

"Осы жиналысқа келуге жолақысын таба алмай қанша көп балалы ана зарлап, жылап отыр. Солардың бәріне санақ жүргізілуі керек. Жыламаған балаға нан жоқ. Кімнің жағдайы қандай екенін балалардың сынып жетекшілері өзі-ақ айтып береді. Ұсынысым, аналар капиталы ашылуы керек" деді жиынға келген үш баланың анасы Елмира Әшірбекова.

Қабылдау болып жатқанда әкімдік ғимаратын полицейлер күзетіп тұрған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG