Accessibility links

Министр Әбілқасымова сыннан "қорытынды шығаратынын" айтты


Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жақында Астанада бір отбасындағы бес баланы мерт қылған өрттен кейін алғаш рет журналистерге пікірін білдірді. 12 ақпанда Қазақстан үкіметінің отырысы кезінде БАҚ өкілдері қойған сұраққа жауабында Әбілқасымова өзі басқаратын министрлік Астанадағы қайғылы оқиғадан соң айтылған сыннан "қорытынды шығаратынын" мәлімдеді.

Министр Мәдина Әбілқасымованың сөзі:

"Сыннан қорытынды шығаруға тырысамыз"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Әбілқасымова "көптеген күрделі мәселелер" жүктелген министрлік сынға да ұшырайтынын айтады.

"Жұмысымыздың сипатына байланысты үнемі қандай да бір сын естіп жатамыз. Ең бастысы, біз ол сыннан қорытынды шығарамыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз" деді министр қызметтен кетуін талап еткендердің сөзіне байланысты пікірінде. Ол өзі басқаратын министрлік "мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша шаралар" қабылдағалы жатқанын хабарлады.

Өткен аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлері Мәдина Әбілқасымованың сырқаттанып жатқанын айтқан болатын.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданындағы уақытша баспанадағы өрттен бір отбасының кәмелеттік жасқа толмаған бес қызы мерт болған. Биліктің хабарлауынша, көп балалы ретінде тіркеуде тұрған отбасы жалдап отырған бөлмеде өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан қоғамында көп балалы отбасылардың әлеуметтік проблемаларын көтере бастады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және тағы бірнеше қалада көп балалы аналар билікке баспана мәселесін шешу, балаға төленетін жәрдемақыны көбейту, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырумен бірге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованы қызметтен алу туралы талаптар қойды. Жергілікті билік орындары көп балалы аналардың арыз-өтініштерін қабылдай бастады.

Көп балалы аналардың билікке талабы:

"Бізге шырша, олимпиада қажет емес, жәрдемақы керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

"Жергілікті жерлерде құрылған жедел штабтар жиналған ақпаратты саралайды, көп балалы отбасылардан түскен ұсыныстарды жинастырады" деді бүгін Әбілқасымова.

Өткен аптада үкімет жанынан "ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту" жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 11 ақпанда Қазақстан қаржы министрі Әлихан Смаилов көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны көтеру мәселесі жұмыс тобында қаралып жатқанын айтты.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG