Accessibility links

Ұйғырлар Пекинді Шыңжаңда жоғалған туыстарының видеосын жариялауға шақырды


Қашқар қаласындағы ұйғырлар. Шыңжаң, Қытай, наурыз, 2017 жыл.
Қашқар қаласындағы ұйғырлар. Шыңжаң, Қытай, наурыз, 2017 жыл.

Шыңжаң аймағының байырғы тұрғындары этникалық ұйғырлар Қытай билігін "лагерьлерде" отырған туыстарының видеоларын интернетте жариялауға шақырды.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары бұған дейін қамауда қайтыс болған деп хабарланған ұйғыр музыканты Абдурехим Хейиттің видеосын жариялағаннан кейін, 12 ақпанда әлеуметтік желілерде #MeTooUyghur хештегімен Пекиннен туыстары жайлы ақпарат беруін талап еткен адамдардың жазбалары тарай бастады. Хейт туралы видеоны кім, қашан және қайда түсіргенін анықтау мүмкін болмай отыр.

"Жұбайым #MuhtarRozi дереу босатылсын! Ата-анамды осы қазір босатсын, олардың тағдырына алаңдап отырмын. Олар қазір қайда? Қауіпсіз жерде ме, жоқ па?" деп жазған Стамбулда тұратын әйел Twitter әлеуметтік желісінде. "Абдурехим Хейитті көрсеткендей маған олардың видеосын көрсетіңіздер" деп талап етеді ол.

Ресми Пекинге Шыңжаңдағы мұсылман ұйғырлар, қазақтар мен түркі тілдес өзге де этникалық азшылық өкілдеріне жүргізіп отырған саясатына байланысты халықаралық қауымдастықтың қысымы күшейіп келеді.

Өткен жылы жарияланған БҰҰ сарапшыларының есебінде Қытай билігі елдің солтүстік-батыс өлкесінде миллионға жуық адамды "экстремизмге қарсы орталықтарда" және соншама адамды "саяси тәрбие лагерьлерінде" мәжбүрлеп ұстап отырғаны айтылған.

Пекин ол мекемелерді адамдарды радикалдық ой-пиғылдан арылтуға және қоғамға бейімдеуге арналған "кәсіпке баулу орталықтары" деп атайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG