Accessibility links

Экс-вице-министр Нұржан Әлтаев мәжіліс депутаты болды


Қазақстан парламентінің ғимараты.
Қазақстан парламентінің ғимараты.

Қазақстан парламенті мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығмаутлин жаңадан сайланған депутат Нұржан Әлтаевты таныстырды.

"Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұржан Әлтаев мәжіліс депутаты болып тіркелді" деп хабарлады ол.

Нұржан Әлтаев бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы вице-министрі болып істеген.

Ол мәжілістің ауыл шарушылығы мәселелері жөніндегі комитетінің құрамына кірді.

Нұржан Әлтаев жақында басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәжіліс құрамынан шыққан Серік Сәпиевтің орнына депутат болып тағайындалды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG