Accessibility links

НАТО елдері министрлері Ресейден төнетін қатерді талқылады


НАТО елдері қорғаныс министрлері. Брюссель, 13 ақпан 2018 жыл.

Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлері АҚШ пен Ресей орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандар туралы келісімнен біржола шыққаннан кейін әлемдегі қауіпсіздік мәселесін талқылады.

НАТО-ға мүше 29 елдің барлығы ресейлік зымырандар Еуропаға қауіп төндіреді деп санайды. Алайда НАТО Еуропа жерінде жаңа ядролық қару жүйесін орнатуды жоспарлап отырған жоқ.

Ресейден төнетін қауіп туралы ұйғарымында НАТО өзінің және АҚШ барлау қызметінің Мәскеу орналастырып жатқан ұтқыр зымырандарды анықтау және әуеден қағып түсіру қиынға соғатынын айтқан қорытындыларына сүйенген.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзінше, Ресей соңғы жылдары келісімге қайшы әрекеттерге барып, жаңа ядролық қаруын дамытуға инвестиция бөлген және көршілері Украина мен Грузияға қатысты агрессиялық саясат ұстанып отыр. Мәскеу бұл елдердегі жанжалдарға қатысы барын жоққа шығарады.

Қатерге қарсы тұру мақсатында НАТО "4 және 30" деп аталатын жоспар қабылдаған. Ол бойынша НАТО 2020 жылға қарай өз аумағында 30 әскери кеме, 30 механикаландырылған батальон және 30 әуе эскадрильясын орналастырады. Бұл күштер кез келген қауіп-қатерге 30 күн ішінде жауап беруге әзір болмақ.

Столтенберг НАТО диалогқа дайын екені туралы тағы да мәлімдеп, Ресейді орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандар туралы келісімді орындауға шақырды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 19.02.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:53 0:00
XS
SM
MD
LG