Астанада төбелескен екі полиция және төбелесті қарап тұрған үш құқық қорғау органының қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Төбелескен екі инспектор мен жол патрульдік полициясының үш қызметкері жұмыстан босатылды" деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, төбелестен кейін жол-патрульдік полициясы рота командирі қызметінен босатылған, ал жол-патрульдік полиция басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
13 ақпанда Youtube желісінде бес полицейдің төбелесіп жатқан видеосы тараған. Видеода екі полицей төбелесіп, жанындағы үш әріптесі қарап тұрады. Ішкі істер министрлігі осы видеоға қатысты қызметтік тексеріс бастағанын хабарлаған.
ПІКІРЛЕР