Accessibility links

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болды


АҚШ туы. Көрнекі сурет
АҚШ туы. Көрнекі сурет

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып Уильям Мозер тағайындалды. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Facebook-тегі парақшасында таратты.

2018 жылы тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп Уильям Мозерді Қазақстан елшісі ретінде тағайындауды ұсынған.

Мозердің дипломатия саласында 35 жылдық тәжірибесі бар. Ол бұған дейін АҚШ-тың Украина, Қазақстан, Египет, Суринам және Малидегі елшіліктерінде қызмет атқарған.

2011-2015 жылдар аралығында АҚШ-тың Молдовадағы елшісі болды. Соңғы жылдары АҚШ мемлекеттік департаменті басқарма бастығының орынбасары қызметінде болды. Орыс, неміс, француз тілдерінде еркін сөйлейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG