Accessibility links

Шымкентте қала әкімімен кездесуге жиырмаға жуық адам кіре алмады


Шымкент қаласы әкімімен кездесуге кіре алмай тұрған тұрғындар. 15 ақпан 2019 жыл

15 ақпан таңертеңгі сағат 11-де Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында қала әкімімен кездесуге мыңнан астам адам жиналған. Азаттықтың Шымкенттегі тілшісінің айтуынша, 1300 орындық зал толып, орын жетпей қалған адамдар да болған. Ал шамамен жиырмаға жуық адам ғимаратқа кіре алмай, сыртта қалып қойған.

Әкімдік өкілдері оларға сарайға жақын маңдағы драма театр ғимаратында онлайн-трансляция жүріп жатқанын айтып, алып кетпекші болған. Бірақ тұрғындар қарсы болған.

"Мен бұған дейін мұң-зарымды айттым. Неге соны қолға алмайсыңдар?" деді ашынған тұрғындардың бірі әкімдік өкілдеріне.

Қала әкімімен кездесуге әкім Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та қатысқан.

Тұрғындар алдында есеп берген әкім көп балалы аналардың жағдайына да тоқталып, олардың жағдайын жақсарту мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізген. Жиын қазір жалғасып жатыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG