Accessibility links

Көп балалы аналармен кездесуге Астана әкімі келген


Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Астана тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап отыр. Астана қаласы, 15 ақпан 2019 жыл
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Астана тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап отыр. Астана қаласы, 15 ақпан 2019 жыл

Астанадағы көп балалы аналар жиынына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келген. Таңертеңнен бері “Астана” концерт залына жиналған жүзден астам әйел әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімінің келуін талап еткен еді.

Наразы топ алдында бірнеше минут сөйлеген Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктерінің көп балалы аналардың шағымдарын жинауға кіріскенін, мұндай шағымдар арасында аналар бұған дейін айтып келген жәрдемақы мөлшерін көбейту мәселесі де барын жеткізді. Әкімнің айтуынша, бұл шағымдар үкімет жанынан құрылған жұмыс тобына тапсырылады.

Бақыт Сұлтанов баспана мәселесі "бір күнде шешіле салатын мәселе емес” екенін айтып, бірақ соған қарамастан билік "үлескерлер мен апатты жағдайдағы үйлер мәселесін шешу үшін құрылған институттардан қосымша ресурстар тарту арқылы" мәселені шешуге тырысып жатқанын жеткізді. Ол жиналғандарды сабырлы болуға шақырып, олардың сұрақтарын тыңдауға әзір екенін айтты.

Әкімнің сөзінен кейін залдағылар айғайлап, микрофон беруді талап етті. Ал сәлден соң әкім жиыннан кетіп қалды. Залда қалған әкімдік өкілдері наразы топты тыныштандыруға тырысты.

Ақпанның 15-і күнгі Астанадағы көп балалы аналардың жиынынан Азаттық тілшілері де тікелей эфирде хабар таратты. Хабарды толық көру үшін мына сілтемені басыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG