Accessibility links

Лукашенко: Путинмен егемендік мәселесін талқылаған жоқпыз


Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Сочиде кездескен сәт. 15 ақпан 2019 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Сочиде кездескен сәт. 15 ақпан 2019 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путиннің Сочидегі кездесуінде "Беларусьтің егемендігі мәселесін мүлде талқыламаған". Бұл туралы Лукашенко 15 ақпанда Сочиде журналистермен кездесуде айтты.

"Бүгінде екі мемлекет бар. Егемендік деген ұғым - қасиетті, ал тәуелсіздік деген - салыстырмалы ұғым. Егер екі елдің азаматтары қаласа ғана Ресеймен бірге бір жолды таңдауға болады" деген Лукашенко.

Ал Путин "қазір әлемде толық тәуелсіз ел жоқ" деді. Путиннің сөзінше, екі президент Ресей мен Беларусьтің одақтас елдер келісімін талқылаған.

Соңғы уақытта кейбір сарапшылар Мәскеудің Беларусь еліне қысымы күшейгенін айтады. Олар Ресей Беларусьті өз қатарына қосып алуды көздейді деп санайды.

Бұған дейін Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев одақтас елдер келісімін орындауды тез арада бастап, орталық валюта енгізуді қолға алу керектігін айтқан.

Александр Лукашенко өткен айда шетелдік держава тарапынан агрессия күшейгенін айтқан. Бірақ нақты қай ел екенін атамаған. Путин мен Лукашенко жаңа жылға дейін Мәскеуде екі рет кездесу өткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG