Қазақстан оқушылардың әлімжеттік және төбелес оқиғаларынан түсірілген видеоларды интернеттен дереу өшіру жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы 15 ақпанда білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.
"Психологтар мен мұғалімдер төбелес видеосын көрсе, бірден ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тікелей байланыс орнатады. Министрлік Facebook, YouTube және тағы басқа желілерге өшіру туралы өтініш береді. Психологтар немесе мұғалімдер мәселені министрлікке екі аптада жеткізетін. Бұл уақытты бір сағатқа дейін қысқартқымыз келеді. Видео тараса бірден бұғаттау қажет. Қазір біз оқушылардың төбелескен видеолары интернетте екі апталап жүрмес үшін министрлікпен осындай шешімге келіп отырмыз. Бірден өшіру керек", - деді Сағадиев ведомство алқасының отырысында.
Министрдің айтуынша, мұндай видеолар балалардың психологиясына, олардың туыстарының өміріне теріс әсер етеді.
"Оқушыларға әлімжеттік жасаған мектептің директоры мен орынбасарларын жұмыстан шығару жағын да ұсынамыз" деді Сағадиев.
Сағадиев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.
ПІКІРЛЕР