Accessibility links

Оралда екі белсендінің ұсталғаны хабарланды


Полиция "заңсыз митингке қатысқаны үшін" белсенді Әлібек Ерғазиевті ұстап әкетіп барады. Орал қаласы, 10 мамыр 2018 жыл

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің тұрғындармен кездесуі алдында Орал қаласында полиция екі белсенді Айболат Бөкенов пен Әлібек Ерғазиевті ұстаған. Бұл ақпаратты осы өңірде таралатын "Уральская неделя" басылымы хабарлады.

Белсенділер 16 ақпан күні таңертең полиция бөлімшесіне жеткізілген. Басылымның жазуынша, бұдан бөлек полицейлер жергілікті белсенді Мақсат Айсауытовтың үйін таңертеңнен бері торуылдаған. Ал белсендінің өзі үйінен шыға алмаған.

Басылым сонымен бірге Орал қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуінен түсірген видеосын Youtube-қа жариялаған блоггер Асқар Шайғұмаровтың да сотқа шақырту қағаз алғанын жазады. Қалалық ішкі саясат басқармасы блоггердің үстінен сотқа шағым түсірген. Әзірге белсенділермен хабарласудың сәті түспеді. Ал Орал қалалық ішкі істер департаментінің кезекші қызметкері Шәріп Қалиев "азаматтардың ұсталуы жайлы ақпаратты білмейтінін" айтып, кейінірек хабарласуды өтінді.

14 ақпанда Орал қаласы әкімі және облыс әкімімен кездесуге келген белсенді Әлібек Ерғазиевті полиция қызметкерлері көптің көзінше жиын өтіп отырған залдан күшпен ұстап алып кеткен еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG