Accessibility links

Қырғызстан: Сириядан оралған 40-қа жуық азамат түрмеде отыр


Қырғызстандағы түрмелердің бірі. Көрнекі сурет
Қырғызстандағы түрмелердің бірі. Көрнекі сурет

Сирия аумағындағы әскери қақтығыстарға қатысып, Қырғызстанға оралған 60-тан астам азаматтың 40-қа жуығы қазір қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр деп хабарлайды Қырғызстанның ішкі істер министрлігі. Ведомство дерегінше, экстремистік идеялар таратуы мүмкін болғандықтан олар жалғыз адамдық камераларға орналастырылған.

2015 жылы Қырғызстан арнайы заңнамаға түзетулер енгізіп, шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін тағайындалатын жазалау шараларын күшейткен.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан Ирак пен Сириядағы азаматтарын қайтарады

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, Сириядағы қақтығыстарға шамамен 800 қырғыз азаматы қатысқан. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG