Accessibility links

Иллинойс штатында атыстан бес адам қаза тапқан


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

АҚШ-тың Иллинойс штатында жұма күні кешкісін болған атыстан бес адам көз жұмған. Оқиға Henry Pratt компаниясының қоймасында болған. Полициямен атыс кезінде шабуылдаушы мерт болған. Дәрігерлер жараланған бес полицей мен компанияның тағы бір қызметкерінің өміріне еш қауіп жоқ екенін айтады.

Атыс Чикаго қаласынан 65 шақырым жерде орналасқан Аврора қаласында болған. Полиция азаматтарға оқ атқан адамның атын да анықтады. Оның аты-жөні - Гэри Мартин. Ол құбыр желілеріне арналған арматура шығаратын компанияда 15 жыл жұмыс істеп, жақында жұмыстан шығарылған. Полицейлер атысқа осы оқиға себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Оқиға орнына барған полицейлерді шабуылдаушы бірден атқылай бастаған. Осылайша олар қосымша күш шақыруға мәжбүр болған. Атыс басталғаннан кейін бір жарым сағат өткен соң полицейлер ғимаратқа басып кіріп, оны атып өлтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG