Accessibility links

СІМ: Қазақстан Үндістан мен Иранда жақында болған терактілерді айыптайды


Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Қазақстан Үндістан мен Иранда жақында болған терактілерді айыптайды делінген Қазақстанның сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемелерінде.

"Қазақстан 2019 жылғы 13 ақпанда Иранның Систан-Белуджистан провинциясында орын алып, көптеген ирандық әскери қызметшілердің өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды. Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады" деп жазылған мәлімдемеде.

​Ақпанның 13-і күні кешке Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Белуджистан провинциясындағы Чабахар қаласындағы әскери базаның жанында әскерилер мінген автобусқа жанкешті шабуыл жасап, өзін жарып жіберген. Оқиға салдарынан 40-тан астам адам қаза тапқан.

14 ақпанда Үндістанның солтүстігіндегі Кашмирде полицейлер мінген көлікке де жанкешті шабуыл жасап, соның салдарынан 44 полицей өлген.

Оқи отырыңыз: Помпео Ирандағы терактіге АҚШ-ты айыптаған Зарифті сөкті

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG