Accessibility links

Ресей Байқоңыр айлағынан әскери аппараттарды ұшыруын тоқтатады


Байқоңыр ғарыш айлағы. Көрнекі сурет
Байқоңыр ғарыш айлағы. Көрнекі сурет

Ресей 2020 жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық әскери аппаттарын ұшыруды тоқтатады деп мәлімдеді Ресейдің әуе-ғарыш күштері бас басқармасының өкілі Игорь Морозов “Эхо Москвы” радиостанциясына берген сұхбатында.

“Ресейдің қорғаныс министрлігі Байқоңыр айлағынан биыл соңғы рет бір әскери ғарыш аппаратын ұшырады. Бұдан соң тек Плесецк айлағынан ғана ұшыратын боламыз” деді Морозов.

Оқи отырыңыз: Ғарыш саласында Ресей АҚШ-тан қалып барады

Байқоңыр – әлемдегі алғашқы әрі ірі айлақ. Ресей Байқоңырды 1994 жылы жалға алып, 2050 жылға дейін толық пайдалануға Қазақстанмен келісім жасасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG