Accessibility links

Шымкентте 13 жасар ұл өртенген үйден екі баланы құтқарды


Шымкент іргесіндегі тұрғын үйлер. (Көрнекі сурет.)
Шымкент іргесіндегі тұрғын үйлер. (Көрнекі сурет.)

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында 13 жастағы бала өртенген жер үйден екі бүлдіршінді құтқарды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті xабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, сенбі күні кешке Жаңақұрылыс көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққан кезде оның ішінде үш бала ғана болған. Балалардың үлкені көршілерінен көмек сұрап барған. Көрші үйдің 13 жасар ұлы өрт сөндірушілер келіп жеткенше әлгі үйден үш және бес жастағы екі баланы сыртқа алып шыққан. Аумағы 60 шаршы метрлік тұрғын үй түгелдей жанып кеткен.

Арнайы қызмет өртті екі сағаттан кейін сөндірген. Өрт шыққан үйден құтқарылған балалардың жағдайы қалыпты деп хабарланды.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG