Accessibility links

Теміртауда қатты бораннан сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

18 ақпанда Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында ауа-райының күрт күрт бұзылып, суытуынан мектептерде сабақ тоқтады. Қалада таңертең қатты боран басталды. Жергілікті билік сабақтың тоқтатылғаны жайлы хабарландыруды әлеуметтік желі арқылы таратты.

Төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды облысындағы халықаралық жолдардың да жабылатынын хабарлады.

Боран мен көктайғаққа байланысты Қарағанды облысының кей аудандарында жолдар өткен түнде жабылған. Бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға облыс территориясында 22 ақпанға дейін жауын-шашын, көктайғақ пен қатты боран болатыны туралы ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG