Accessibility links

Шымкентте білім басқармасының шенеунігі "пара алған"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкентте "пара алды" деген күдікке ілінген қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Нысанов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы 18 ақпан күні қалалық тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков хабарлады.

Сержан Айнабековтың айтуынша, күдікті қаладағы мектептердің бірінде асхананы жалға алған кәсіпкерден жалға алу мерзімін ұзартып беру үшін бір жарым миллион теңге пара алмақ болған кезінде ұсталған.

Шенеуніктің "пара алу кезінде" ұсталғанын қалалық білім басқармасы да растады. Басқарманың мәліметінше, Ғабит Нысанов еңбек демалысында болған. Ресми түрде жұмыстан әлі шықпаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG