Accessibility links

Түркістан облысында "браконьер" полицей ұсталды


Браконьерлерден тәркіленген балықтар. Көрнекі сурет.
Браконьерлерден тәркіленген балықтар. Көрнекі сурет.

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Шардара су қоймасында рұқсатсыз балық аулаған учаскелік полицей ұсталған. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова растады.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, 17 ақпан күні түсте Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар Шардара су қоймасында балық аулап жүрген "браконьерді" ұстағанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы "баконьердің" Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері екенін анықтап, Қылмыстық кодекстің 335-бабы ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу") бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Қазір сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Өз кезегінде полиция департаментінің осы оқиға бойынша қызметтік тексеру бастады" дейді баспасөз қызметінің өкілі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG