Accessibility links

Еңбекке жарамсыздық жайлы жалған қағаз берген дәрігерлер ұсталды


Емхана іші. Көрнекі сурет.
Емхана іші. Көрнекі сурет.

Астанада еңбекке жарамсыздық жайлы жалған қағаз берген дәрігерлер ұсталды дәрігерлер ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, қалалық емхананың медбикесі мен дәрігері Еңбекке жарамсыздық жайлы жалған қағазының бір күні үшін 2500 теңге алған. Дәрігерлермен бірге осы іске делдал болған қала тұрғыны да ұсталған.

Полиция емханадан оқиғаға қатысты барлық құжаттарды тәркілеген. Қазір осы іске қатысты тергеу басталған.

Еңбекке жарамсыздық қағазы - қызметкер не жұмысшы ауырып қалғанда дәрігерлер ашатын парақ. Бұл парақ жұмыс берушіні қызметкер немесе жұмысшы ауырып, жұмысқа келмеген күндері жалақысын ішінара төлеуге міндеттей алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG