Accessibility links

Денсаулық сақтау вице-министрі президенттің іс басқармасы медорталығының басшысы болды


Алексей Цой.
Алексей Цой.

Бүгін, 19 ақпанда қызметінен босаған Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой президент ісі басқармасы медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Цой бұл орталықты бұрын да, 2010-2011 жылдары, басқарған. Кейін Астана қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері болды. 2014 жылы Цой денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне кіріскен.

Президенттің іс басқармасы медициналық орталығының құрамына 10 ұйым кіреді. Оның қатарында Алматы мен Астанадағы аурухана, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, медициналық технология мен ақпараттық жүйелер орталағы мен бірнеше шипажай бар. Орталық сайтындағы ақпаратқа қарағанда, мұнда "күзетілетін тұлғаларға, мемлекеттік қызметкерлерге, одақтық және республикалық мәндегі дербес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге, жоғары дәрежелі ерекше белгілермен марапатталған тұлғаларға және азаматтардың жекелеген санаттарына" медициналық қызметтер көрсетіледі.


Ақпанның басында қазақстандық БАҚ бұл орталықтың экс-директоры Әмір Ахетовтің қаза тапқанын хабарлаған. Ішкі істер министрлігі, дәрігер өліміне байланысты іс қозғалғанын мәлімдеген. Сол кезде ішкі істер министр болған Қалмұханбет Қасымов "дәрігердің денесінде жарақат іздері болғанын" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG