Accessibility links

АҚШ-та 16 штат төтенше жағдай жариялаған Трамп қаулысын сотқа берді


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ-тың 16 штаты президент Дональд Трамптың елдің Мексикамен шекарасында төтенше жағдай жариялау туралы қаулысын бұғаттауды талап етіп, сотқа берді. Сан-Франциско сотына шағым түсірген штаттар арасында Калифорния мен Нью-Йорк те бар.

Трамп оңтүстіктегі шекарада дуал салуға конгресс берген қаржыдан көбірек ақша жұмсау үшін осындай қаулы шығарған. Сотта заң шығарушы және атқарушы органның бюджетті бақылаудағы құзыреті мен президент қаулыларының ықпалы белгілі болады.

Шағым түсіргендердің айтуынша, бюджетке конгресс қана ықпал ете алады және басқа бағытқа жоспарланған қаржыны президент өз бетінше шекарада дуал салуға жұмсай алмайды.


Трамп жұма күні төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойған. Ақ үйде сөйлеген Трамп төтенше жағдайдың енгізілуі оған шекарада дуал құрылысы үшін 8 миллиард доллар алуына мүмкіндік береді деп айтқан. Бұдан бөлек, Трамп АҚШ-тың көші-қон жүйесін тұтас реформалау туралы жоспарымен де бөліскен.

Президент "бұл шешімді демократтар сотқа беруі мүмкін" деп болжаған. Бірақ ол "жоғарғы сот өзіне жақтасады" деген үміті барын да жеткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG