Accessibility links

Алматыда ондаған адам Байбектің есеп беру жиынына кіре алмады


Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің есепті жиыны өтетін Республика сарайының алдында тұрған адамдар. Алматы, 20 ақпан 2019 жыл.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің есепті жиыны өтетін Республика сарайының алдында тұрған адамдар. Алматы, 20 ақпан 2019 жыл.

Алматыда Республика сарайы алдында тұрған ондаған адам өздерінің қала әкімі Бауыржан Байбектің есеп беру жиынына кіре алмағандарын айтты. Олар "жиын басталмай тұрып ерте келсек те, адамдарды тізім бойынша кіргізді" дейді.

Жиналғандар әкімге сұрақтары барын жеткізді. Өзін "көп балалы анамын" деп таныстырған әйел әкімнен баспана мәселесін шешіп беруді сұрамақ болғанын айтты. Басқалары әлеуметтік мәселелерді көтермек болған.

Қарай отырыңыз: Қала әкімдерінің есеп беру жиынында не болып жатыр?

Үш мың орын бар Республика сарайында Бауыржан Байбектің жиыны өтіп жатыр. Есеп беру шарасы басталмас бұрын жиынға "халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту" мәселесін қарайтын жұмыс тобына кіретін вице-министр Ерболат Досаев пен сенат депутаты Динар Нүкетаева, қалалық басқарма басшылары келгені хабарланды.

Әкім баяндамасының басында көп балалы отбасылар туралы айтты. Байбектің сөзінше, "әлеуметтік мәселелер бейбіт конструктивті сипатта, айқай-шусыз шешілуі керек".

Жиын басталардан бұрын бірнеше белсендінің ұсталғаны хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG