Accessibility links

Мәжіліс "қызметкері пара алған басшыны жазалайтын" заң жобасын мақұлдады


Мәжіліс отырысы. Мұрағат.
Мәжіліс отырысы. Мұрағат.

Бүгін, 20 ақпанда өткен мәжілістің пленарлы отырысында депутаттар мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Заң жобасы бойынша, "бұдан былай басшылар қызметкерлерінің коррупциялық әрекеттері үшін жауап береді".

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Айгүл Шаимованың сөзінше, қандай да бір қызметкердің пара алғаны сотта дәлелденсе, басшысы тәртіптік жауапқа тартылуы мүмкін.

Шаимованың сөзінше, "бұл норма Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша енгізілген".

Агенттік өкілі "басшыға тиісті қызметін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс жариялаудан қызметінен босатуға дейінгі тәртіптік жауапкершілік шаралары қабылданады" деді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан билігі халықаралық рейтингке мән бере ме?

Қазақстан биыл қаңтарда жарияланған Transparency International ұйымының жемқорлық индексінде 180 елдің ішінде 124-орында тұр. Осылайша, Қазақстан Джибути, Габон, Мальдив және Непалмен қатарласқан. Қазақстан 2017 жылы жемқорлық индексінде 131-орында, 2016 жылы 123-орында болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG