Accessibility links

Путин көп балалы отбасыларға салықты азайтуды ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин халыққа жолдау жасап тұрған сәт. Мәскеу, 20 ақпан 2019 жыл.

20 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин халыққа жолдауын жолдады.

Биылғы жолдауында Путин "Отбасыға салынатын салық мөлшерін азайту керек. Яғни, көп бала - аз салық" деді. Ресей 2021 жылға дейін балабақша мәселесін шешуді тапсырды.

Путин жолдауында елдегі интернетті 5G деңгейіне өсіруді, туристерге электронды виза беру жағын ойластыруды тапсырды

Путиннің жолдау кезінде айтқандары:

  • Таза жұмыс істеп жүрген бизнес иесін қудаламау керек. Бизнесмендер қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартыламын-ау деп қорқып жүрмеуі тиіс. Кәсіпкерлер қысым туралы хабарлайтын арнайы цифрлы платформа жасауды ұсынамын.
  • 200 мың бала жылуы, суы және канализациясы жоқ мектепте оқып жатыр. 2021 жылдың соңына дейін барлық мектеп 50-100 мбит/секунд жылдамдығы бар интернетке қосылуы тиіс.
  • 2020 жылы шағын қалалар мен ауылға барып сабақ бергісі келген мұғалімдерге бір реттік 1 миллион рубль төлейтін бағдардама ашуды тапсырамын.
  • Ауылдағы клуб, мәдениет үйлерін жөндеу үшін 17 миллиард рубль бөлу керек. Шағын қалалардағы мәдени орталықтарды дамыту үшін 6 миллиард рубль бөлу қажет.
  • Қатерлі ісікпен күресу үшін бюджеттен 6 жыл бойы триллион рубль бөлуді тапсырамын.
  • 2000 жылы Ресейде 40 миллион адам кедейлік шегінде өмір сүрген. Қазір мұндай 19 миллион адам бар. Мұның өзі өте көп.

Путин жолдауында халықпен әлеуметтік келісімшарт жасасып, жұмысқа орналасуға, біліктілік арттыруға, кәсіп бастауға көмектесуді ұсынды. Ол табысынан айырылған адамдарға несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік беретін "ипотекалық каникул" жүйесін енгізу керектігін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG